TOYOTA RELAX – ЖАҢА 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕПІЛДІК

Toyota Relax
Toyota барлық жаңа автомобильдер мен жүгірісі бар автомобильдерге қолданылатын Toyota Relax кепілдігін іске қосты. Енді Toyota модельдерінің иелерінде Toyota Relax кепілдігін 10 жылға дейін немесе 190 000 км жүрісіне дейін алуға бірегей мүмкіндік бар.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ToyotaRelax_1-1
Сіз қызмет көрсету орталығына өз көлігіңізбен келесіз. Автокөлік 10 жылға дейін немесе 190 000 км жүгіруге дейін пайдаланылған болуы қажет.
ToyotaRelax_1-2
Ресми сервис орталығында регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз.
ToyotaRelax_1-3
Сіз өндіріс немесе құрастыру ақауларынан туындаған бұзылуларға келесі 12 айға немесе 10 000 км қашықтыққа Toyota Relax кепілдігін аласыз.

TOYOTA RELAX КЕЛЕСІ АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ:

ToyotaRelax_2-2
Қайсысы ертерек болатынына байланысты, 2 жылдан асқан жұгірісте болған немесе 85 000 км-ден асатын жүгіріс жасалған автомобильдер. Оның ішінде бұрын Toyota-ның ресми сервис орталықтарында техникалық қызмет көрсетуден өтпеген,  жүрісте болған автомобильдерге де қатысты.
ToyotaRelax_2-1.5(1)
Қазақстан мен Қырғызстанда Toyota-ның ресми дилерлік желісі арқылы сатылған автомобильдер.
ToyotaRelax_2-3
Сондай-ақ бастапқыда «Тойота Мотор Европа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылып, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, басқа да Шығыс және Батыс Еуропа елдерінен импортталған барлық Toyota көліктеріне.  
Toyota Relax кепілдігі қозғалтқышқа, трансмиссияға, аспаға, рөлдік жүйеге, отын жүйесіне, тежеу жүйесіне, электрондық құрамдастарға, электр жүйесінің құрамдастарына, гибридтік қондырғының құрамдастарына және автомобильдің басқа да негізгі тораптары мен элементтеріне қолданылады. Toyota Relax жұмысы мен шарттары туралы толығырақ мына мына жерден біле аласыз.

TOYOTA RELAX АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 

ToyotaRelax_3-1
Кепілдік Сізге тыныштық ұсынады және автокөлік жөндеу үшін күтпеген шығындардан қорғауды қамтамасыз етеді.
ToyotaRelax_3-4
Кепілдікті іске қосу үшін қосымша төлемақы қажет емес. Тек ресми дилердің ТҚК өтсеңіз жеткілікті.
ToyotaRelax_3-5
Кепілдікті іске қосу процесі мейілінше қарапайым. Қосымша ресми құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ.
ToyotaRelax_3-3
Сондай-ақ, сіз Toyota-ның ресми қызмет көрсету орталықтарында түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен сұйықтықтарды қолдана отырып жасалатын, жоғары сапалы қызметке ие боласыз.
ToyotaRelax_3-6(1)
Регламенттік ТҚК үшін баға толығымен ашық. 
ToyotaRelax_3-2
Toyota Relax нарықтағы Сіздің автомобильіңіздің қалдық құны мен өтімділігін арттырады.
Is your car eligible for Toyota Relax?

Абсолютті тыныштық пен сенімділік

Регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін сіз автоматты түрде Toyota Relax кепілдігін аласыз, ол сізді күтпеген жөндеу жұмыстарынан қорғайды.
Toyota relax

Жоғары сапалы сервис

Toyota ресми қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыстарды түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып, жоғары білікті техникалық мамандар орындайды.

Шеберханалар ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлер Toyota автомобильдерінде қолданылатын барлық технологиялармен және жүйелермен жұмыс істеуге үйретілген.

Toyota Relax кепілдігін Қазақстандағы Toyota дилерлік және сервистік желісінің кез келген ресми орталығында іске қосуға болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін жақын арадағы ресми дилерлік немесе сервистік орталықтарға хабарласыңыз.

Кепілдікті іске қосу үшін тек Toyota ресми сервис орталығында регламенттік ТҚК өту қажет.
Toyota Relax кепілдігі техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін ресми қызмет көрсету орталығында ешқандай қосымша төлемсіз автоматты түрде қосылады.
Иә, келісімшарт 1 жылға немесе 10 000 км жүгіріске жасалады.
Иә, келісімшарт 1 жылға немесе 10 000 км жүгіріске жасалады.
Жоқ, кепілдік автоматты түрде тек Toyota ресми қызмет көрсету орталығында ТҚК өткеннен кейін іске қосылады.
Кепілдік өлшемдерге сәйкес келетін барлық автомобильдерге қолданылады.

Toyota Relax кепілдігі келесі аталған автомобильдерге қолданылмайды:

·        Бастапқыда «Тойота Мотор Еуропа» ресми дилерлік желісі арқылы сатылмаған

·        Жарысқа арналған немесе қатысқан автомобильдер.

·        Полиция, өрт сөндіру, медициналық және басқа да жедел қызмет көліктері.

·         Пайдаланылған автомобиль бөлшек саудагерлеріне тиесілі автомобильдер

Toyota Relax кепілдігі қозғалтқышқа, трансмиссияға, аспаға, рөлдік жүйеге, жанармай жүйесіне, тежегіш жүйесіне, электронды құрамдастарға, электр жүйесінің құрамдастарына, гибридтік қондырғының құрамдастарына және автомобильдің басқа да негізгі тораптары мен элементтеріне қолданылады.  Толық ақпарат алу үшін қараңыз (шарттары бойынша PDF файлына сілтеме).

Toyota Relax кепілдігі төменгілерге қолданылмайды:

·        Табиғи тозу және сыртқы факторлардың әсерінен коррозиялық процестерден туындаған ақаулар мен зақымданулар;

·        Салонының ішкі әрленімі, бамперлер, ЛКП, доңғалақ дискілері, шыны, айналар, фаралар;

·        Ойнату және ойнату құрылғыларының бөлшектері, соның ішінде радио, мультимедиа, навигация, динамиктер, күшейткіштер, сабвуферлер, бейнекамералар;

·        Қалыпты жұмыс кезінде бүлінуге және табиғи тозуға бейім элементтер, бөлшектер

Жоқ. Toyota Relax кепілдігінің негізгі қағидаларының бірі-ТҚК регламент бойынша өтуі және ресми қызмет көрсету орталығында түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен сұйықтықтарды пайдалану.
ТҚК өткеннен кейін сервис орталығының қызметкерлері сізге кепілдікті қосу үшін сіздің автомобиліңіздің VIN-коды қарастырылуда тұрғаны туралы белгісі бар Орындалған жұмыстар актісін береді. Кепілдікті қосу туралы мәртебе ТҚК өткеннен кейін 7 күн өткен соң айқындалады. Кепілдік мәртебесін toyotakz.com. сайтында қол жетімді нысан арқылы тексеруге болады 
Көлік құралы негізгі өлшемдерге сәйкес келген кезде Сіз Relax кепілдігін іске қоса аласыз: 2 жылдан 10 жылға дейін немесе 85,000 км-ден 190 000 км-ге дейін жүгірісте болған.
Иә. Бұл кепілдіктің басты артықшылықтарының бірі, көлігіңізді ары қарай сату барысында сіздің көлігіңіздің құнын арттырады. Relax нақты иесіне емес, автомобильге тіркеледі.
Кепілдік шарттарына сәйкес кепілдік жөндеу туралы өтінішпен осы автомобильге келісімшарт жасалған сәттен бастап 1 айдан ерте емес уақытта жүгінуге болады, жүгіріс кемінде 250 км болуы керек. 1 айлық кезең басым шарт болып табылады.
Жоқ, Toyota Relax аясында көлікті қайтару мүмкін емес.
Қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сізге ақауларды жоюды ұсынады, бірақ шешім сіздікі. Алайда, егер кепілдік берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген ақаулықтар жойылмағаны және кепілдік беру жағдайының туындауына себеп болғаны анықталса, онда жөндеу өтелмейді.
Автокөлік Toyota кепілдігіне қосылады. Алайда, егер бастапқы емес қосалқы бөлшектер кепілдік жағдайының туындауына себеп болғаны анықталса, кепілдік осы нақты жағдай бойынша жөндеу жұмыстарын өтемейді.
Иә. Сіз Toyota-ның кез келген ресми сервис/дилерлік орталығына кепілдікті сұраумен жүгіне аласыз.
Егер кепілдік бойынша еуропалық дерекқорды тексеру кезінде автомобильдің жүгіріс көрсеткіштерінде айырмашылықтар бар екендігі анықталса, онда кепілдік жойылады.
Иә, кепілдік брендтің ресми дилері орнатқан түпнұсқа аксессуарларға қолданылады.
* Баяндалған мәліметтер тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Ол жария оферта немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды.
«Тoyota Relax»-тың ұзартылған кепілдігі, оны іске қосу шарттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ сіздің автомобиліңіз "Toyota Relax"-тың ұзартылған кепілдік шарттарына сәйкес келе ме, жоқ па, толық ақпаратты алу үшін сіз Қазақстандағы "Toyota" ресми уәкілетті дилерімен/сервис орталығымен байланыса аласыз.