Жаңа гибридті Toyota Camry-ді — гибридті күштік агрегаттың бесінші буыны бар әсерлі седанды қарсы алыңыз. Онымен бірге қойылған мақсаттарға жеңіл қол жеткізесіз және жаңа көкжиектерге жол ашасыз.
Ұшқыр және таңдаулы
Дизайны толықтай жаңартылған және әрбір сызығы сырбаздана тартылған классикалық седан
Заманауи жүргізушілерге бейімделген
Toyota Camry-дің жаңартылған салоны — бұл ыңғайлылық пен жоғары дәрежелі стильдің мінсіз теңгерімі
Қолайлы әрі кең салон
Camry-дің стильді салонында жайлы сапарларға қажеттінің бәрі бар.
Гибридті күштік агрегаттың жаңа буыны
Гибридті жетектің бесінші буынының арқасында жаңа қуат деңгейі
Инновациялық автокөлік технологиялары
Заманауи технологиялар әрбір сапарда жайлылық пен ләззат алуды кепілдендіреді
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары
Тыныштыққа және қауіпсіздікке арналған заманауи технологиялар
Кешенді кепілдік, толық қорғаныш
Қорғаныш шаралары топтамасының арқасында гибридті Toyota Camry-іңізге арналған қауіпсіздік.
Гибридті Toyota Camry — бұл сыртынан да, ішкі жағынан да күшті әсер қалдыратын жоғары дәрежелі седан. Шанағының динамикалық сыртқы орамдарының арқасында автокөлікке қозғалыс кезінде жан біткендей көрінеді, ал салтанатты салон әрбір сапар кезінде ұмытылмас жайлылықты кепілдендіреді.
Жылдамдықты тез үдетуді қамтамасыз ететін және жайлы әрі тыныш қозғалысқа арналған ұлғайтылған қуаты және үнемді сипаты бар гибридті күштік агрегаттың арқасында жаңа қуат деңгейі.
Toyota Camry-дің таң қалдырарлық гибридті күштік агрегаты болашаққа бағытталып әзірленген және қуаты кез келген қозғалыс жағдайларына артығымен жететін шуылы төмен 2,5 литрлік бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Ағымдағы қажеттілікке байланысты гибридті немесе бензинді режимдерді ауыстырып қосыңыз.
Toyota Camry-дің жоғары технологиялы салонына назар салыңыз. Кіріктірілген Toyota Smart Connect мультимедиа жүйесі навигацияның және өзге де функциялардың қолданылуын жеңілдетеді, сондай-ақ смартфонды жеңіл жалғауға мүмкіндік береді және оның қолданбалары мен функцияларына ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Гибридті күштік агрегат — бұл іштен жану қозғалтқышы мен электр жетектің үйлесімі. Қажет болса, бұл қуат көздері бірге немесе бөлек-бөлек қолданыла алады.
Кейбір қозғалыс жағдайларында, мысалы, орыннан қозғалғанда және 50 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен жүргенде гибридті автокөлік тек электржетекті пайдалана алады. Аккумулятор батареясы зарядының деңгейі төмендеген кезде іштен жану қозғалтқышы қосылады және оның қуатының артық бөлігі батареяны зарядтауға қолданылады.
Toyota гибридті автокөліктері инновациялық өздігінен зарядталу технологиясымен жабдықталады◊. Аккумулятор батареяларын зарядтау қозғалыс кезінде автоматты түрде орындалады. Осының арқасында қосымша зарядтау қажет емес, және жүргізуші жүріс қоры немесе зарядтау станцияларын іздеу туралы уайымдамайды.
◊ Өздігінен зарядталатын гибрид іштен жану қозғалтқышымен және бір не бірнеше электрмотормен жабдықталады. Олардың барлығы бір жоғары технологиялы күштік қондырғыны құрай отырып, бірге жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш дөңгелектерге қосымша айналдыру моментін беру арқылы динамиканың жақсаруын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тартқыш батареяны зарядтайтын генератор ретінде әрекет ете отырып, отын шығынын азайтуға көмектеседі.
1. 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейінгі кепілдік
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы Toyota ресми дилерлік орталықтарында сатып алынған жаңа буындағы (80) Toyota Camry көлігіне басқасымен қатар гибридті жүйенің барлық компонентін (батарея, электрмоторлар және т.б.) өтейтін, қайсысы ертерек болатынына байланысты 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейінгі кепілдік беріледі.
- Зауыт кепілдігі қайсысы ертерек болатынына байланысты 3 жыл немесе 100 000 км жүрілген жол бойы қолданылады
2. 5 тегін регламенттік техникалық қызмет көрсету – ToyotaCare
Toyota жаңа буынды Toyota Camry жинағымен жүретін бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған ToyotaCare қызмет көрсету жоспарын ұсынады. Техникалық қызмет көрсетуге қосалқы бөлшектер мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстарын орындау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес автокөлік агрегаттарын тексеру кіреді. Уақыт өте келе қосалқы бөлшектердің, арнайы сұйықтықтар мен қызметтің бағасы жоғарылайтынына қарамастан, ToyotaCare бағдарламасының аясында техникалық қызмет көрсету тегін жүргізіледі.