Заңдық ақпарат

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Бұл сайтта (әрі қарай "Сайт") жарияланған ақпаратты пайдаланбас бұрын Сізден осы ережелермен (әрі қарай "Ережелер") танысуды өтінеміз. Сайтқа кіріп және мұнда берілген ақпаратты пайдалана отырып, Сіз қандай да бір шектеулер мен ескертусіз осы Ережелермен келісетініңізді білдіресіз. «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС.

Мазмұны

Сайт автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар және Toyota-ның басқа өнімдері (әрі қарай бірлесе Toyota өнімдері" деп аталатын), сонымен қатар Toyota-ның жарнамалық бағдарламалары туралы ақпараттан тұрады. Осы Сайтта көрсетілген автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар мен Toyota-ның өзге өнімдері тек Қазақстан мен Қырғызстан аумағында сатуға ғана ұсынылады, Сайтта берілген жарнамалық бағдарламалар да тек Қазақстандық және/немесе Қырғызстандық клиенттерге ғана арналған. ... Осы Сайтта берілген мәліметтердің барлығы тек ақпараттық сипатқа ие. Сайтта берілген ақпарат түпкілікті болып табылмайды. Анағұрлым толық әрі егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін Сіз Toyota-ның Қазақстан мен Қырғызстандағы Уәкілетті Дилерлеріне жүгіне аласыз.


Бағалар және Toyota Өнімдері жайлы өзге ақпарат

Toyota өнімдерінің бағасы туралы Сайтта берілген мәліметтер тек ақпараттық сипатқа ие. Мұнда көрсетілген бағалар қайта сатудың ең жоғарғы бағалары болып табылады және Toyota-ның Уәкілетті дилерлеріндегі бағадан өзгеше болуы мүмкін. Toyota-ның кез келген өнімін алу жеке сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сайтта көрсетілген Toyota автокөліктерінің сипаттамалары мен жиынтық түрлері Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына жеткізілетін автокөліктердің сипаттамалары мен жиынтық түрлерінен өзгеше болуы мүмкін.


Toyota Өнімдері туралы Сайтта берілген ақпарат сол Өнімнің Toyota-ның Уәкілетті дилерлерінде дәл Сіз дилерлік орталыққа жүгінген сәтте болуы тиіс дегенді білдірмейді. Автокөліктің үлгісі мен жиынтығына, сонымен қатар оның сатылатын аумағына байланысты, түрлі жабдықтары, бөлшектері, тораптары мен басқа да жарақтары Сайтта көрсетілгендерінен сырттай өзгешелеу болуы мүмкін. Автокөліктің, аксессуардың және Toyota-ның өзге өнімдерінің түсі де Сайтта жарияланған суреттегі түстен өзгешелеу болуы мүмкін.


Пайдаланушылардың деректерін олар жүгінген кезден бастап қадағалау технологиясын қолдану.

Cookie файлдары – бұл Сіздің компьютеріңізде, теледидарыңызда, мобильді телефоныңызда не сізге тиесілі басқа құрылғылардағы ақпарат сақталатын шағын файлдар. Олар Сіздің құрылғыңызға cookie файлдарын орнатқан ұйымдардың Сізді түрлі веб-сайттарда, қызметтерде, құрылғыларда және/немесе көру сеанстарында тануына мүмкіндік береді. Cookie файлдары көптеген пайдалы қызметтер атқарады. Мысалдар: cookie файлдары Сіз қызмет алу үшін пайдаланатын есепке алу деректерін жадында сақтайды, бұл деректерді әр кірген сайын енгізбеу үшін қолайлы.


Cookie файлдары бізге және бөгде әзірлеушілерге біз көрсететін қызмет түрлерінің қай бөлігі сұранысқа ие екенін көруге көмектеседі, себебі олар сайтқа кірушілердің қай беттер мен функцияларды қарайтынын және ол беттерді қарауға қанша уақыт жұмсайтынын көруге мүмкіндік береді. Мұндай ақпаратты зерттеу арқылы біз қызметтерді жақсырақ бейімдеп, Сіздің олармен жұмыс жасауыңызды жеңілдете аламыз. ... Cookie файлдары бізге және бөгде әзірлеушілерге Сіздің қандай жарнаманы көргеніңізді білуге жәрдем береді, бұл Сіздің әр кірген сайын бір жарнамалық хабарландыруды қайта-қайта көрмеуіңіз үшін қажет.


Пайдаланушылар туралы мәлімет/пайдаланушыны енгізу

Сайт пайдаланушылары өздері туралы берген кез келген мәліметті «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і тек Сізге көрсетілетін қызметтерді жақсартып, Сайтты пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, Сайтқа кірушілер статистикасын жасау мақсатында ғана қолданады. ... «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і Сіз Сайттағы үлгілерді толтырғанда, компания өкілдерімен телефон, электронды пошта, әлеуметтік желі және т.б. арқылы сөйлескен кезде, сонымен қатар Сайт арқылы сұраныстар жасау (Toyota өнімдері мен қызметтерін алу үшін) мен Сайтты пайдалану барысында туындаған мәселелер жөнінде есеп бергенде беруіңіз мүмкін ақпараттарды жинауы мүмкін.


«Ақтөбе Автоорталығы» Сайт пайдаланушылары жайлы деректерді олардың сипатына сай жинау, жіберу және сақтау үшін және Сіз берген жеке басқа қатысты мәліметтердің Сіздің тарапыңыздан сұралмаған хабарламаларды Сіздің рұқсатыңызсыз Сізге не үшінші тұлғаларға жіберуге қолданылмауы үшін бар күшін салады. Оған қоса, «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і. құқығын өзіне қалдырады.


Авторлық құқық туралы ескертулер

Осы сайтта ақпаратты пайдалану ( мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды және басқа) тек Қазақстан Республикасының авторлық құқық және интеллектуалдық құқық туралы қолданыстағы заңнамасының талаптары, сонымен қатар осы Ережелер сақталған жағдайда ғана жүзеге аса алады. Сайттағы ақпарат тек коммерциялық емес (жеке, танысу, зерттеу және соған ұқсас т.б.)мақсатта ғана қолданыла алады.


Сайтқа кірушілердің ақпаратты қандай да бір коммерциялық мақсатта қосуға, өзгертуге, таратуға және «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-інің алдын ала жазбаша келісімінсіз.ақпаратты толықтай не жартылай жариялауға құқығы жоқ. Сайттағы ақпаратты көшіру дәл хабарламадан дәйексөз келтіру сияқты, тек Сайтқа ақпараттың дереккөзі ретінде сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. Дәйексөз келтірілген (көшірілген) ақпаратты өзгертуге, қосуға не бұрмалауға болмайды.


Тауарлық белгілер

Сайтта көрсетілген барлық тауарлық белгілер, логотиптер, қызмет көрсету белгілері "Тойота Мотор Корпорэйшн (Жапония) компаниясының, Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің және/немесе үшінші тұлғалардың меншігі болып табылады. Оларды Сайтта орналастыру құқық иесінің алдын ала жазбаша келісімсіз оларды пайдалануға рұқсат етуі немесе құқық беруі ретінде ешқашан қарастырылмайды.


Гиперсілтеме

Сайтта орналасқан гипермәтіндік сілтеме арқылы басқа Интернет-сайттарға өткен пайдаланушы бұл сайттан шығады. «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і өзге ұйымдардың ақпараттық ресурстарынан тұратын басқа Интернет-сайттардағы мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы, қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. Өзге сайттардың сілтемесі пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін жасалған, бірақ бұл «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і сол сайттардағы деректердің мазмұнын мақұлдайды және/немесе олар үшін жауапкершілікке ие болады дегенді білдірмейді.


Жауапкершілікті шектеу

«Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і Сайтта орналасқан барлық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін тиісінше күш жұмсайды. Сонымен бірге «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і Сайттағы ақпараттың толықтығына немесе дұрыстығына кепілдік бермейді, олқылықтар мен кездесуі мүмкін қателіктер не басқа да кемшіліктері, мезгілсіздігі үшін жауап бермейді, сонымен қатар Сайттың толассыз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.


Сайттағы ақпараттың барлығы Сізге "as is" (сол қалпында) қағидасы бойынша, шектеулер мен цензурасыз, сондай-ақ қандай-да бір кепілдіксіз берілген. Сайтта берілген ақпараттың сапасын, өзектілігін, толықтығы мен жарамдылығын бағалау – Сіздің құзыретіңізде. «Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і смартфон және/немесе өзге де құрылғыларды қоса алғанда, Сіздің компьютерлік құрылғыңызға келген зақым сынды кез келген шығындар мен жағымсыз салдарлар үшін жауап бермейді.


Ережелердің жаңартылуы

«Ақтөбе Автоорталығы» ЖШС-і осы Ережелердің мәтіні мен шарттарын алдын ала ескертусіз кез келген уақытта қайта қарау, өзгерту және толықтыру құқығын өзіне қалдырады. Енгізілген өзгерістер Сайтта орналастырылған сәттен бастап өз күшіне енеді. Осы Ережелерде болуы мүмкін өзгерістер туралы ақпарат алу үшін Сізге осы бетке жиі кіріп тұруға кеңес беріледі. ... Пайдаланушының Сайттағы материалдарды осы Ережелерге өзгеріс енгізілгеннен кейін пайдалануы автоматты түрде оның жаңартылған Ережелермен танысқанын, қабылдағанын және олармен келісетіндігін білдіреді.