Toyota Hilux-ті қарсы алыңыз: ол кез келген сынақтарды қабылдау және сіздің әуестіктеріңіздің шекараларын кеңейту үшін табандылық және қайсар мінезге ие.
Экстерьерінің батыл дизайны
Hilux таза қанды пикаптың айбынды сырт келбетімен үлкен әсер қалдырады. Утилитарлық және бір мезгілде талғамшыл — заманауи кейіпке оранған аңыз көлік.
Кез келген жағдайға арналған қуат қоры:
Hilux сенімді бензин қозғалтқышымен және кез келген жағдайда сенімді қозғалысты қамтамасыз ететін толық жетекті жүйемен жабдықталған.
Интерьер дизайны
Берік материалдар, ыңғайлы салон және JBL аудиожүйесінің керемет дыбысы – алыс сапарларда да барынша жайлылық үшін.
Кеңістік
Hilux кең әрі әмбебап. 1 тоннаға дейінгі жүк көтергіштігі мен 3,5 тоннаға дейінгі тіркеме тарту күші арқасында кез келген затты сапарға ала кетуге болады.
Қауіпсіздік
Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін Hilux радарлық датчиктермен және камералармен жабдықталған.
Кешенді кепілдік, толық қорғаныш
Әр жаңа Toyota автомобилі 3 жылға немесе 100 000 км* дейінгі кепілдікпен қамтылған, ол барлық өндірістік ақауларды қамтиды.
Hilux 2.7 л бензин қозғалтқышымен жабдықталған, қуаты — 166 а.к., максималды айналу моменті — 245 Н∙м. Қозғалтқыш 6 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптаса жұмыс істейді.